Жарылғыш зат: Павлодарда жалған хабар таратқан адам іздестірілуде
Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 сәуірде «Batyr mall» сауда орталығында бомба қойылғаны туралы шақыру түскен. Барлық арнайы қызметтер дереу көрсетілген мекенжайға жіберілді.
– Терроризм фактісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде, – дейді департаментте.
Айта кетерлігі, осы қылмыстық бап бойынша 5000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жаза көзделген.