Жексенбіде Павлодар облысында жел күшейеді
Қазгидромет 5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- Күндіз 05 наурызда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі, - деді Қазгидрометте.
Облыста ауа температурасы күндіз -2 -4 °C болмақ.
Фото: Константин Шелков