Железин ауданында садақ ату өнері танымалдыққа ие болуда
Железин ауданында садақ атудан жарыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Байқауға қатысуға ниет білдірген кез келген адамға бағын сынап көру мүмкіндігі ұсынылды. Мұндай жарыстар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ.
«Айбат» жастар бастамаларын дамыту орталығының атқарушы директоры Игорь Чикишевтің бастамасымен өткен жылы орталықта садақ пен жебе пайда болған.
Жарыс алдында ұйымдастырушылар барлық қауіпсіздік шараларын өткізген. Өздерін мерген ретінде сынап көргісі келген ауыл тұрғындары міндетті түрде нұсқау алған. Садақты дұрыс ұстауды, нысанаға алуды және жіпті түсіруді үйренген.
– Жалпы садақ ату өнері Железинде танымалдыққа болуда. Аудан орталығында секция ашылмаған, бірақ көптеген ауыл жастарының арманы орындалады деген үмітіміз бар. Жас спортшылардың бірі арнайы дайындықтан өтіп, жаттықтырушылық қызметпен айналысатын еді, – дейді Игорь Чикишев.
Бұл жолы садақ ату жарысына жеті адам қатысты. Ең үздік үш атқыш Құрмет грамоталары мен сыйлықтарға ие болды.