Желіде Павлодар облысы әкімінің суретімен таралған жарнама – фейк
Облыс әкімі Асайын Байханов жалған жарнама таратушыларды анықтауды тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы соңғы кезде Инстаграм әлеуметтік желісінде өзінің суреті бейнеленген заңгерлік кеңестер беру туралы жарнаманың скриншоттарын жіберіп жатқанын атап өтті.
- Әрине, менің аты-жөнім Жақсылықов Ерасыл емес, мен ешқандай тегін заңгерлік кеңес бермеймін. Сондықтан мен өзімнің заңгерлеріме осы жарнама туралы анықтауды тапсырдым, - деді Асайын Байханов.
Облыс әкімі инстаграмда осындай жарнаманы кезіктірген жазылушыларына сол жарияланымға шағым жасауға шақырды.