Жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған павлодарлық қайтадан рөлге отырған

Жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған павлодарлық қайтадан рөлге отырған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері полицейлер көлік құралдарын құжатсыз және көлік жүргізу құқығынсыз басқарудың 3 мыңнан астам дерегін анықтады.

– Мәселен, Павлодар – Қызылорда автожолында патрульдеу барысында тәртіп сақшылары Shacman маркалы жүк көлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде облыс орталығының тұрғыны болған. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамның 2023 жылдың қаңтар айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі Әсет Рыспаев.

«Заң мен тәртіп» қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымы болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.