Жұма күні Павлодар облысында боран болады

Жұма күні Павлодар облысында боран болады
Фото: Константин Шелков

26 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың оңтүстік, батысында қар, боран, күндіз облыстың басым бөлігінде қар, оңтүстікте, батыста боран болады. 

Оңтүстік-батыс желінің екпіні 9-14, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде сынап бағанасы 5-10, облыстың оңтүстігінде 3, күндіз 2-7 градус көрсетеді.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, күндіз қар жауады. Оңтүстік - батыс желінің екпіні 9-14 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде ауа 7-9, күндіз 3-5 градус көрсетеді.