Павлодарда үш автобус маршрутына уақытша өзгерістер енгізіледі

Павлодарда үш автобус маршрутына уақытша өзгерістер енгізіледі

№ 003, 1, 3 автобус маршруттарының қозғалыс схемаларына уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

ТҮКШ және АЖ бөлімінің мәліметінше, көрсетілген маршруттар сағат 09:00-ден 16:30-ға дейін Малайсары батыр көшесімен тура бағытта, С. Щедрин көшесіне бұрылмай жылжитын болады.

Жаңа Православ зиратына №10 және 66 маршруттар барады.

Халыққа ыңғайлы болу үшін осы бағыттарға 3 автобус қосылады: № 10 маршрутта – 10, № 66 маршрутта – 4 автобус.