30 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +17...+22°C болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл күтіледі.
Күндіз ауа температурасы +27...+32°C болады. Жаңбыр, найзағай, облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +17...+19°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз ауа температурасы +29...+31°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.