Қар, жаңбыр: Павлодарлықтарды жолда сақ болуға шақырады

Қар, жаңбыр: Павлодарлықтарды жолда сақ болуға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аймақтың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жаууы жол қозғалысын қиындатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

– Кейбір аймақтарда жауын-шашынның жиілеп, температураның төмендеуі күтілуде. Жолдың көрінуі нашарлап,  қөктайғақ  болады. Сондықтан жол қозғалысының барлық қатысушылары өте мұқият және қырағы  болуы керек, – дейді облыстық полиция департаментінде. 

Жүргізушілер жылдам маневр, жылдамдықты арттыру мен тежегіштер жасамауы керек, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдаған жөн. Айналым учаскелерден, өткелдерден, жаяу жүргіншілер өткелдерінен, трамвай жолдарынан аса сақтықпен өту қажет.

Жаяу жүргіншілер шағылыстыратын элементтерді қолданып, тротуарда немесе жол жиегінде жүруі керек. Олай болмаған жағдайда ғана жолдың шетінде жүруге болады. Жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы немесе басқа рұқсат етілген жерлерден өткенде  қауіпсіз екеніне көз жеткізген соң ғана өту керек.