Қытайлық компания таңғы ас әзірлейтін робот жасап шығарады

Оның қолдарына 28 еркіндік дәрежесі орнатылған көрінеді, деп хабарлайды Kazimform.kz Xinhua-ға сілтеме жасай отырып.
Shenzhen Yuejiang Technology Co., Ltd қытайлық компаниясы үй шаруасында қолғабыс болатын адам тәрізді бионикалық робот жасап шығарды
Робот өздігінен тостты, таңғы асты әзірлей алады, сүт құйып, дастархан жасайды. Ол нейрондармен басқарылатын ептіліктің өзін-өзі дамыту жүйесімен жабдықталған.
Сонымен қатар, корпоративтік секторда робот құжаттарды жеткізе алады, қонақтарды қарсы алады және кофе ұсына алады. Роботтар биылдан бастап шығарыла бастайды деп жоспарланған.