«Қызылорда-Павлодар» тас жолы жабылды

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы жабылды
Фото Константин Шелков

Оған ауа райының күрт нашарлауы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының 109 бірыңғай байланыс орталығының мәлімдеуінше, 14 ақпан күні, сағат 12:35-те ауа райының нашарлауына байланысты яғни шектеулі көрінудің салдарынан «Қызылорда-Павлодар» (1367-1206 шақырым) республикалық автожолы жабылды. 

Атамекен кентінен Шідерті кентіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлері үшін шектеу қойылды.

Қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауды ескертеді.