Құрылтай Павлодар облысындағы партиялық жобаларды жүзеге асыруды қалай күшейтеді

Құрылтай Павлодар облысындағы партиялық жобаларды жүзеге асыруды қалай күшейтеді
Фото: Константин Шелков

Негізгі идеялар өңірдің дамуына тікелей әсер етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Бесінші Құрылтай дәлелдегендей, қоғам мен мемлекет арасындағы диалог сұранысқа ие ғана емес, сонымен қатар тиімді, – деп атап өтті «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Николай Дычко. – Президенттің  тезистері спорттық жобалармен үндесіп жатқаны қуантады. Бұл жобалар руханиятты, жастардың қызығушылықтарын қамтиды. Өңірлік саясатты одан әрі дамыту қажеттілігі айтылатыны маңызды. Бұл –  инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды абаттандыру тұрғысынан бірде-бір елді мекен назардан тыс қалмайды деген сөз.

Николай Дычко ұлттық жиында айтылған мыңызды мәлімдемелер партия жүзеге асырып жатқан жұмыстармен үндес екенін жеткізді.  Бұл тұрғыда бірқатар жобаларды іске асыруды күшейту қажет екені де сөз болды.

Бүгінде атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде қоғамдық қабылдаулар арқылы жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар маңызды бағдар болып табылады. Партия мүшесінің ойынша, жұмыс форматы халықтың ыңғайлылығы мен мәселеге тереңірек үңілу мақсатында өзгеруі мүмкін.