Қатыгездік танытқан: Павлодарда тәрбиеші ерекше баланы ұрған

Қатыгездік танытқан: Павлодарда тәрбиеші ерекше баланы ұрған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Балаларды түзету орталықтарының бірінде қызметкер балаға дөрекілік көрсетіп отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Автордың айтуынша, қатыгездік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды. 

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидованың сөзінше, мекеменің тәрбиешісіне қатысты ҚР ҚК-нің 140-бап (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша іс қозғалды. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.