Қызылжар ауылында өткен бәйгенің жеңімпаздарына жылқы табысталды
Бұл бәйге ауылдың 60 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тойда бәйгеден бөлек, қазақ күресі, қой көтеру, арқан тартыс, қол күрес сынды ұлттық ойындар өткізілді.
Қазақ күресі ойындарында 30-дан астам балуан күш сынасты. Бірінші орынды және 150 мың теңгені Серік Сәлменов, күміс жүлде мен 100 мың теңгені Темірғалы Құдайбергенов, қола жүлдені және 50 теңгені Алихан Айтжанов иеленді. Сондай-ақ, «Жеңіске деген талпыныс» номинациясымен Ғазиз Оразбаев марапатталып, қой тарту етілді.
Бәйге додасы үш кезең бойынша өтті. Тай жарыстан бас жүлдені ақтоғайлық шабандоз Мұса Бөгенбай, құнан бәйгеден қарағандылық Өркенбай Қуанбай, аламан бәйгеден Ертіс ауданының шабандозы Сейітқазы Жарқынбек алды. Құнан және аламан бәйгенің жеңімпаздарына жылқы табысталды. Ал тай бәйгесінен бірінші келген шабандозға 100 мың теңге берілді.
Сонымен қатар, көкпар ойындары ұйымдастырылды. «Сайфулла» көкпар командасы ұлттық ойынның жеңімпазы атанды. Екінші орынды Мәмәйін Омаров командасы алды. Үшінші орын «Саты-ата» командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram