Үкімет Екібастұздың қысқа дайындығын ерекше бақылауға алды

Үкімет Екібастұздың қысқа дайындығын ерекше бақылауға алды
Фото: Үкімет

Олжас Бектенов жылу беру маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жаңғыртуды тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердегі жылыту маусымына дайындық барысына көңіл бөлінді. Министрлер мен бірқатар өңірлердің әкімдері тыңдалды.

Премьер-министр кейбір облыстарда қысқа дайындық бойынша Өңірлік штабтардың жұмыстары мардымсыз болып отырғанын атап өтті.

«Сондай-ақ жылу беру маусымын өткізу жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысын қайта жаңғыртуды тапсырамын. Энергия көздері мен желілердің жұмысын үнемі тексеріп отыру қажет. Жылыту маусымын ауа-райына қарай қатаң белгіленген мерзімде бастап кету керек», – деп атап өтті Олжас Бектенов. Риддер, Кентау, Екібастұз және Ақтау қалаларының энергия көздерін ерекше бақылауға алу қажет.

Премьер-министр Энергетика министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтауды тапсырды. Биылғы 1 қыркүйекке дейін өңірлерге берілетін әлеуметтік мазуттың жеткізу кестесін бекіту міндеті қойылды.

Энергетика министрлігі Қазақстан теміржолы компаниясымен және өңірлердің әкімдіктерімен бірге энергия объектілеріне көмір мен мазутты бекітілген кесте мен көлемдерге сәйкес уақтылы жеткізу жөнінде, сондай-ақ халықтың көмірмен қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізу жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, өңірлердің әкімдіктеріне 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің толық әзірлігін, 15 қазанға дейін денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры объектілерінің әзірлігін қамтамасыз етуге тиіс. Оқу-ағарту, Ғылым және Денсаулық сақтау министрліктері де бұл мәселені бақылауда ұстау қажет.