Үкімет шағын және орта бизнестің жобаларына субсидия төлеу үшін қаражат бөлді
Ал «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қаражат аударуға кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
– Қазір мемлекет қажет қаражатты толық бөлді. Осы жылдың соңына дейін біз мойнымыздағы міндеттемелерімізді толық орындап бітеміз. Қордаланған берешектер қазірдің өзінде өтеліп жатыр, ал ШОБ бұған дейін төлеген пайыздар бойынша субсидия ала бастайды. Банктерге барлық төлемдер толық аударылады. Осылайша, берешекке байланысты ШОБ мәселелері толық шешіледі. Жыл соңына дейін біз барлық міндеттемелерді орындаймыз, – деді Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.
Бұл ретте 2025 жыл ішінде кідірістер барлық өңірде бірдей болмағанын атап өту маңызды. Атап айтқанда, АлматыдаЖергілікті атқарушы органның қолдауының арқасында уақтылы төленіп келді.