Павлодар облысында аптаның соңына дейін жаңбырлы болады

Павлодар облысында аптаның соңына дейін жаңбырлы болады

Желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, 11 және 12 мамыр күндері  облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетеді. 

11 мамырда күндіз ауа температурасы +23... +28°C, түнде +8...+13°C болады.

12 мамырда күндіз +15...+20°C,  түнде +3...+8°C болжанады.

13 мамырда жауын-шашын күтіледі, түнде батыста, күндіз облыстың көп бөлігінде жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы +15...+20°C көрсетсе, түнде +5…+10 °C күтіледі. 

14 мамыр күні облыстың солтүстік бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік шығысында желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +12...+17 °C, ал түнде +5…+10 °C болжанады.

Фото: Константин Шелков