Әкімді мазалағысы келмеген: Павлодарлықтар жаурап қалды

Әкімді мазалағысы келмеген: Павлодарлықтар жаурап қалды
Фото: Константин Шелков

Тұрғындар жылудың төмендігіне шағымданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбек облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Минин көшесі, 38 үйдің тұрғындарымен кездесті. Қала тұрғындары үйді жылыту маусымына дайындау мәселесімен жүгінген. 

– Мен былтыр қаладағы жылу жетіспейтін үйлерді өзім жеке аралап шыққан болатынмын. Сол кезде бұл мәселе туралы сөз қозғамадыңыздар, – деді әкім. 

Әкімнің бұл сұрағына үй тұрғындары «Сізді мазалағымыз келген жоқ» деген жауап айтты. 

Қала әкімі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандарына жылу желілерінің өкілдерімен бірлесіп үйді тексеріп, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.