1 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын, тұман күтіледі

1 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын, тұман күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы -3...-8 °C-ты көрсетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодарда ауа температурасы -6...-8 °C-қа дейін көтеріледі. Күн бұлтты жауын-шашынсыз болады.