10 ақпанда Павлодар облысында көктайғақ болады

Жел соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін күтіледі.
Павлодар қаласында10 жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін күтіледі.