10 ақпанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Ауа-райы күрт нашарлайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 10 ақпанда түнде өңірде -5...-7 °C шамасында суық болады. Аспан бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Бұрқасын мен көктайғақ орын алуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Күндіз ауа температурасы -5...-7 °C деңгейінде сақталып, одан әрі төмендейді. Бұлтты ауа райы жалғасып, жауын-шашын түрінде қар мен жаңбыр жауады. Бұрқасын мен көктайғақ жағдайы сақталады. Желдің бағыты өзгермей, екпіні күшейе түсуі мүмкін.