12 ақпанда Павлодар облысында боран болады

Облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, оңтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, екпіні 15-20 метрге жетеді.
Ауа температурасы түнде -8..-13, облыстың шығысында -16, күндіз -4...-9 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -10...-12, күндіз -5..-7 градус көрсетеді.