12 наурызда Павлодар облысында күн салқындайды
Көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сынап бағанасы төмендейді. Павлодарда түнде ауа райы құбылмалы, бұлтты болады.
Қар аралас жаңбыр түрінде ауын-шашын жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде -2-4 °C, күндіз -1+1 °C көрсетеді.
Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Циклон жырасының әсерінен, сондай–ақ онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, республиканың шығысында – қатты жауын-шашын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр күтіледі.
Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.