12 қарашада Павлодар облысында көктайғақ болады

12 қарашада Павлодар облысында көктайғақ болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сәрсенбіде ауа температурасы 0...+5 °C-қа дейін көтеріледі. Қар аралас жаңбыр, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Павлодарда бұлтты, қар аралас жаңбыр, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Сынап бағанасы күндіз +1...+3 °C-ты көрсетеді.