12 қыркүйекте Павлодар облысында үсік жүреді
Түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +3..+8, күндіз +14..+19, облыстың солтүстігінде +11 градус көрсетеді, облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +4...+6, күндіз +15..+17 градус көрсетеді.