14 сәуірде Павлодар аспанын тұман торлайды

14 сәуірде Павлодар аспанын тұман торлайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күн райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -1...-6°C дейін төмендейді. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз +7...+12°C дейін жылынады. Жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Желдің жылдамдығы секундына  3-8 метрге жетеді.

Ал Павлодарда түнде -2...-4°C. Күндіз +9...+11°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.