15 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады

15 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы 0…-5 °C, облыстың шығысында +3 °C-ты көрсетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Павлодарда ауа температурасы -3…-5°C-қа дейін төмендейді. Бұлтты, қар, бұрқасын болады.