16 сәуірде Павлодар облысында күн бұлтты болады

16 сәуірде Павлодар облысында күн бұлтты болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. 

Түнде және таңертең оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды.

Сынап бағанасы түнде 0...+5, күндіз +10...+15 градус көрсетеді. 

Павлодар қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде 0...+2, күндіз +13...+15 градус жылы болады.