20 қыркүйекте Павлодар облысында найзағай ойнайды

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз ауа температурасы +17..+22 °C, ал облыстың шығысында +12 °C болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Павлодарда күндіз сынап бағанасы +19...+21 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады.