20 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр күтіледі

20 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыста оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады. 

Ауа температурасы түнде +2...+7, күндіз +17...+22 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жаңбырлы ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +4...+6, күндіз +19...+21 градус көрсетеді.