2025 жылға Павлодар облысында шетелдік жұмыс күшін тартуға қанша квота бөлінді?

2025 жылға Павлодар облысында шетелдік жұмыс күшін тартуға қанша квота бөлінді?
Фото: pixabay.com

Негізінен жұмыс берушілер бейінді профильді жоғары білікті мамандарды тартады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, олар басшылар және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар мен білікті жұмысшылар болуы мүмкін.

2025 жылы облысқа шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 76 квота  және еңбек иммигранттарын тарту үшін 2000 квота берілді. Еңбекші көшіп келушілер Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінен үй шаруашылығындағы жеке тұлғалардың үй қызметкерлері ретінде тартылады, – дейді басқармада.

Кеден одағы елдерінің, атап айтқанда, Ресей Федерациясының, Беларуссия, Қырғызстан және Арменияның азаматтары еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асыра алады.

Шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде жұмыс беруші қазақстандық қызметкерге тәжірибе мен білім беретін тәлімгерді тағайындауға міндетті деген түзетулер енгізілді.

Әр қызметкерге алты айдан он екі айға дейінгі кезеңге бір тәлімгер бекітіледі.

Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларын және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 197 бұйрығымен бекітілген.