24 наурызда Павлодар облысында қар жауады

24 наурызда Павлодар облысында қар жауады
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -2...-7°С жетеді. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Күндіз 0...-5°C, қар мен жаңбыр жауады.

Жел солтүстік-батыстын соғады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында бұрқасын мен көктайғақ күтілуде.

Павлодар қаласында түнде -4...-6°C, бұлтты. Күндіз -2...-4°C болып, жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтілуде.