24 қыркүйекте Павлодар облысында тұман болады

24 қыркүйекте Павлодар облысында тұман болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 0..+5 градус, облыстың батысында, солтүстігінде -3, күндіз +10...+15 градус көрсетеді.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.  Сынап бағанасы түнде 0..-2, күндіз +12...+14 градус көрсетеді.