25 мамырда Павлодар облысында күн жылынады
Өңірде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, облыста түнде ауа температурасы +3...+8°C болады. Шығысында 2°C салқын күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +20...+25°C дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз.
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.
Павлодар қаласында түнде +4...+6°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +21...+23°C болады деп болжануда. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.