Павлодар облысының әкімі: Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктердің қақпасы

Павлодар облысының әкімі: Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктердің қақпасы
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Асайын Байханов өңір тұрғындарын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Міне, жаңа 2025 жыл келіп, өз күшіне енді. Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктердің қақпасы. Жаңа жыл – бұл өткенді саралап, қорытындылайтын уақыт. Уақыт әлемнің қаншалықты тез өзгеріп, сол өзгерістерге сәйкес келудің маңыздылығын көрсетуде, – деп жазды аймақ басшысы Іnstagram парақшасында.

Сондай-ақ ол өткен жылы аймақ көптеген күрделі және маңызды міндеттерді шешкенін атап өтті.

– Мен үшін өңір басшысы ретінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұрған республика өңірлерінің қатарына кіргені аса құнды. Биыл да біз ауқымды әрі жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз, – деді облыс әкімі.

Асайын Байханов Ертіс-Баян өңірінің табысты дамуы – бұл бірлескен күш-жігердің, әр адамның жауапкершілігі мен кәсібилігінің нәтижесі екеніне тоқталып, аймақтың дамуына қосқан үлес, түсіністік пен қолдау үшін алғыс білдірді.

Әр отбасына денсаулық, амандық пен жақсылық,  бақ-береке, мол ырыс-дәулет тіледі.