25 наурызда Павлодар облысында салқын болады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -6...-11°С жетеді. Өңірдің солтүстігінде, шығыста және оңтүстігінде қар жаууы мүмкін. Күндіз -1...-6°C, қар мен жаяу бұрқасын күтілуде.
Жел солтүстік-батыстын соғады.
Павлодар қаласында термометр түнде -7...-9°C, ал күндіз -2...-4°C көрсетеді. Жауын-шашын күтілмейді.