30 мамырда Павлодар облысында аптап ыстық күтілуде

30 мамырда Павлодар облысында аптап ыстық күтілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз сынап бағанасы …+33 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде ауа температурасы +15…+20 градус жылы болады. Күндіз ауа температурасы +28…+33 градусқа дейін көтеріледі.

Жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.

Павлодар қаласында күн ашық әрі ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +30…+33°C-қа дейін ысиды. Түнде +15…+20°C шамасында сақталады. Жауын-шашын күтілмейді.