25 шілдеде Павлодар облысында ыстық болады

25 шілдеде Павлодар облысында ыстық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 метрді құрайды.

Ауа температурасы түнде +14..+19, күндіз +27..+32 градус, облыстың солтүстігінде +24 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +15...+17, күндіз +28..+30 градус ыстық болады.