26 шілдеде Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +13..+18, күндіз +30..+35 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, күндіз және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Сынап бағанасы түнде +16...+18, күндіз +33..+35 градус ыстық болады.