26 тамызда Павлодар облысында күн ашық болады

26 тамызда Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде ауа температурасы +24...+29 °C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз +25...+27 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады.