27 желтоқсанда Павлодар облысындағы тұман және көктайғақ күтіледі

27 желтоқсанда Павлодар облысындағы тұман және көктайғақ күтіледі
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыс бойынша түнде температура -3...-8°C көрсетеді.

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрді құрайды.

Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. 

Күндіз -4...+1°C жылы болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, боран, тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодарда ауа темепаратурасы түнде -5...-7°C көрсетеді. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа рай сақталады.

Күндіз 0...-2°C, жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран болады.