30 мамырда Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Кейбір аумақтарда жел болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ҚР басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында және оңтүстік жартысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Күндіз Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және түстен кейін облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде температура +10...+15 °C, күндіз + 22...+27°C көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды.