30 желтоқсанда Павлодар облысында бұрқасын болады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы -2...+3 °C-ты көрсетеді. Қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ, облыстың батысында, шығысында бұрқасын күтіледі.
Павлодарда ауа температурасы күндіз 0...+2 °C-қа дейін көтеріледі. Көшпелі бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады.