30 қазанда Павлодар облысында боран күтіледі

30 қазанда Павлодар облысында боран күтіледі
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-ке дейін жетеді.

Облыс бойынша түнде температура -3...+ 2°C, күндіз + 3...+ 8°C болады.

Облыстың батысында, солтүстігінде қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, батысында төменгі боран соғады. Павлодарда сынап бағанасы түнде -1...+ 1°C, күндіз + 4...+6°C көрсетеді. Күн бұлтты болады, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.