4 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады
Бұршақ түсуі ықтимал, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Қазгидрометтің мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, ал найзағай кезінде жел екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+ 13 °C, ал күндіз +18…23°C-ты көрсетеді. Облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейтін болады.
Павлодарда күн бұлтты болып, жаңбырлы ауа райы күтіледі. Түнде сынап бағанасы +10…+12 °C-ты көрсетсе, күндіз +20…+22 °C-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, найзағай кезінде 18 метрге дейін жетеді.