6 мамырда Павлодар облысында күн ашық болады

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде +3...+8, күндіз +21...+26 градус болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде +6...+8, күндіз +23...+25 градус көрсетеді.