7 наурызда Павлодар облысында жаңбыр аралас қар жауады

Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, күн бұлттанып, түнде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14, түнде екпіні 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -3...-5, күндіз 0...-2 градус болады.
Павлодар қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сынап бағанасы -8...-10 градус көрсетеді.