9 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жаууы мүмкін

9 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жаууы мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы ...+13°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы 0...+5°C. Облыстың оңтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +8...+13°C дейін жылынады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді.  

Павлодар қаласында түнде +2...+4°C. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +11...+13°C. Құбылмалы бұлтты, жаңбыр және найзағай болады.