Аққулы ауданында аурухана мен жол инфрақұрылымы жаңартылып жатыр

Аққулы ауданында аурухана мен жол инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы аудан әкімі Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен Аққулы аудандық ауруханасының ішкі инженерлік жүйелеріне – су құбыры, кәріз, жылу беру және желдету жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізілуде. Жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып отыр, – деп жазды Руслан Мұқанов әлеуметтік желіде.

Қазіргі уақытта демонтаж жұмыстары толық аяқталып, монтаж кезеңі басталған. Жұмыстар белгіленген кесте бойынша жүріп жатыр. Мердігер – «Промжилстройкомплекс» ЖШС. Жобаның мақсаты – аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру және медициналық инфрақұрылымды жаңғырту.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Муканов (@ruslan_mukanov86)

Сонымен қатар аудандық маңызы бар Аққулы–Қазы–Майқарағай бағытындағы автокөлік жолдарына да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

– Ұзындығы 15 шақырымды құрайтын жол бөлігінде («0–15 км») «AZA» ЖШС жөндеу жұмыстарын атқаруда. Ал осы бағыттағы тағы бір — ұзындығы 2,3 шақырым (31,7–34 км) жол учаскесінде «Компания Арнайы-Құрылыс» ЖШС жұмыс жүргізуде, – деді аудан әкімі өзінің Instagram-парақшасында.

Жөндеу барысы аудан әкімінің бақылауында. Жобалар кестеге сәйкес орындалуда, ал басты мақсат – аудан тұрғындары үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы жол қатынасын қамтамасыз ету.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Муканов (@ruslan_mukanov86)