Аққулы ауданында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік айыппұлға ілікті
Оның осы жердегі уақытша тіркелу мерзімі өтіп кеткен болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аққулы аудандық соты ҚР көші-қоны заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сот 25 наурызда елге келген Қытай Халық Республикасының азаматы Ш.-ның уақытша тіркелгенін анықтады. Алайда, белгіленген тіркеу мерзімі өткеннен кейін әйел Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған. Рұқсат етілген болу мерзімі он тәуліктен асып кетті.
Сот отырысында әйел өз кінәсін толық мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады, әкімшілік айыппұл салуды сұрады.
Сот істі қарап, оны ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды, оған мемлекет пайдасына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындады.
Сот ӘҚБтК 829-11 б. 2-б. негізінде, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әкімшілік айыппұлдың сомасын 68810 теңгеге дейін қысқартты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.